^Негізгі бетке көшу

  • 1 Қобда тарих пен тағылым мекені
    Қобда жері – тарих бетінің терең иірімдерінен ғажап сыр шертер шежірелі өңір.
  • 2 Кітап - жан азығы
    Кітап - өмір ұстазы. Сондықтан жастар кітап оқуды күнделікті әдет қылуы тиіс. Кітап оқымай өмірді білу, білім алу мүмкін емес.
  • 3 Нұрсұлтан Назарбаев
    «Табиғаттану – туған мекеніңді танып – білуден басталады».
  • 4 Н. Ә. Назарбаев
    «Мәдениет – ұлттың бет-бейнесі, рухани болмысы, жаны, ақыл-ойы, парасаты. Өркениетті ұлт, ең алдымен, тарихымен, мәдениетімен, ұлтын ұлықтаған ұлы тұлғаларымен, әлемдік мәдениеттің алтын қорына қосқан үлкенді-кішілі үлесімен мақтанады. Сөйтіп, тек өзінің ұлттық төл мәдениеті арқылы ғана басқаға танылады.»
  • 5 Мұхтар Әуезов
    Әрбір адамның ең жақын досы, өмірлік досы кітап болуы тиіс.

  
  

«Ерліктің өшпес даңқы» атты тақырыптық кеш

«Ерліктің өшпес даңқы» атты тақырыптық кеш.

Қобда аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінде ақпанның 20 күні жерлесіміз Кеңес Одағының Батыры Абдолла Жанзақовтың 95 жылдығына орай «Ерліктің өшпес даңқы» атты тақырыптық кеш өткізілді. Кеш батырдың кіндік қаны тамған жері Ақырап ауылында өткізілді.

Ақырап ауылының кітапханашысы Баймұханова Әлия өмірі мен майдандағы жорық жолдарына, сонымен қатар 1944 жылы қайтқан жері Белоруссиядан келген хатпен таныстырып, жинақталған мағлұматтарға кеңірек тоқталды. Гүлжайнар Алашбаеваның БЕЙБІТ КҮННІҢ БЕЙНЕСІ атты Абдолла Жанзақов рухына арнау өлеңі оқылды. Батыс Двина – взвод өткен құба шың, Ерлік, еңбек ұрпағыңа ұнасын. 

 

Полоцк қаласының батысы

Абдолланы жоқтасын да, жыласын! - деген сөздермен қатар батырды еске алды. Ақырап ауылдық мәдениет үйінің алдындағы батырдың ескерткішіне гүл шоқтары қойылды.

Өлке тарихына зең қойып, жас ұрпақтардың туған өлкеге деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында , Қобда өңірінің 8 батырының бірі, Ұлы Отан соғысына қатысқан Кеңес Одағының батыры Кошелев Михаил Тихоновичтің 90 жылдығына орай туған жері Калиновка ауылында мамырдың 4 күні «Ерлігімен елдің атын шығарған» атты еске алу кеші өтті. Кешке ауыл тұрғындары, ауыл әкімі, мамандар, мұғалімдер қатысып, батыр жайында сөз қозғады.Сонау отты жылдарды еске түсіретін ақын-жазушылардың «Ескерткіш», «Ардагерлер», өлеңдері мәнерлеп оқылып, «Синий платочек», «Соғыстан қайтқан солдаттар», «Катюша», «День Победы» әндері шырқалды.3 сынып оқушылары әдеби монтаж қойды. Батырдың ерлігіне тағзым етіп, ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Кітапханашы А.Шөжебаева «Жеңісті жақындатқандар» атты кітап көрмесіне шолу жасады.Батыр жайында слайд жүргізілді.

     

Фариза Оңғарсынова блогы - 3 место

 

 

 

Iздеу