^Негізгі бетке көшу

  • 1 Қобда тарих пен тағылым мекені
    Қобда жері – тарих бетінің терең иірімдерінен ғажап сыр шертер шежірелі өңір.
  • 2 Кітап - жан азығы
    Кітап - өмір ұстазы. Сондықтан жастар кітап оқуды күнделікті әдет қылуы тиіс. Кітап оқымай өмірді білу, білім алу мүмкін емес.
  • 3 Нұрсұлтан Назарбаев
    «Табиғаттану – туған мекеніңді танып – білуден басталады».
  • 4 Н. Ә. Назарбаев
    «Мәдениет – ұлттың бет-бейнесі, рухани болмысы, жаны, ақыл-ойы, парасаты. Өркениетті ұлт, ең алдымен, тарихымен, мәдениетімен, ұлтын ұлықтаған ұлы тұлғаларымен, әлемдік мәдениеттің алтын қорына қосқан үлкенді-кішілі үлесімен мақтанады. Сөйтіп, тек өзінің ұлттық төл мәдениеті арқылы ғана басқаға танылады.»
  • 5 Мұхтар Әуезов
    Әрбір адамның ең жақын досы, өмірлік досы кітап болуы тиіс.

  
  

Қобда тарихы

 Қобда ауданы – шежірелі өлке

Қобда ауданы Ақтөбе облысының батысында облыс орталығынан 110км қөашықтықта орналасқан, ауданның жер көлемі 14,1 мың шаршы километр, облыс территориясының 21% алып жатыр.

Аудан көлемі солтүстіктен шығысқа қарай — 129,2км., батыстан шығысқа қарай - 132,5км. Аудан солтүстігінде Ресеймен, шығысында Алға, Мәртөк аудандарымен, батысында Батыс Қазақстан облысымен, оңтүстігінде Темір, Ойыл аудандарымен шектеседі.

Аудан жері құнарлы, суы мол, жайылымы кең, шаруашылыққа қолайлы өлкенің біріне жатады. Аудан аумағының жер ресурстары, табиғаты, климаты, жануар түрлері, мүлдем жоғалып кеткен жабайы аң түрлері мен өсімдіктері, өзен аңғары биологиялық алуан түрлілігі бай ірі табиғи жүйе. Аумақ Ақшат борлы массивтерімен ерекшеленеді. Өсімдіктерден Шренк қызғалдағы кездеседі. Қазақстанның «Қызыл кітабына» бұлан, елік, күз суыры, саршұнақ, түлкі, борсық, қарсақ, күзен, тырна, аққұйрықты суқарақұс, дуадақ, безгелдек және т.б. енгізілген Халқы - 19315 адам. Аудан 18 ауылдық округке бөлінген.

Қобда жері – атақты Исатай, Махамбет бастаған әйгілі күрестің соңғы шайқасы өткен өңір, жаугершілік заманда туған қарақыпшақ Қобыланды елін, жерін жортуылшы қалмақтардан жан аямай қорғап, атағы дүйім жұртқа жайылған жер. 

Бұл төңіректе Талдысай ауылынан оңтүстікке қарай 12 км. қашықтықта 14 ғасырдың соңы мен 15 ғасырдың бас кезінде салынған сәулет өнері ескерткіші - Абат-Байтақ кесенесі орналасқан. Ол маңызы зор, барша қазақ халқына ортақ жәдігер болып саналады.

Ескерткіштер,құлпытастар,археологиялық қазбалар.

Бұлақ ауылында дүниеге келген Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың есімі, оның ерлігі бүкіл әлемге белгілі. Әлия ауылындағы «Әлия» патриоттық тәрбие беру орталығында республикалық деңгейде патриоттық іс-шаралар өткізіледі.

Ауданда Кеңес Одағының батырлары И. Білтабанов, А.Жанұзаков, М. Прохоров, М. Колесников, А. Терещенко, И. Пятковский, М. Кошелев дүниеге келген. Қобда жері батырларының есімі ұлы майданда ұран болған, бірінен бірі маңдайлы тұлғаларды туғызған. толығырақ

Ауданның жергілікті атқарушы билігінің басты мақсаты - Елбасы белгілеген әлеуметтік саясатты жүзеге асырып, тұрғындардың әл-ауқатын көтеріп, тұрмысын жақсарту, жан-жақты жағдай жасау.

Тәуелсіздік жылдарындағы аудан халқының атқарған істері айтарлықтай. Аудан экономикасы жаңа заманға сай қайта құрылып, даму үстінде.

Ауданда кіші және шағын бизнесті дамытуға көп көңіл бөлініп отыр. Қазіргі таңда әртүрлі қызметпен айналысатын 782 кәсіпкерлік суъектілері жұмыс жасайды.

Ауданымыз ауыл шаруашылығымен айналысады. Еліміз егемендік алғаннан кейін шаруашылықтар акционерлік қоғам және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, шаруа қожалықтары болып заман талабына сай қайта құрылды. Бүгінгі күні аудан бойынша 277 шаруа қожалығы, 6 акционерлік қоғам және 21жауапкершілігі шектеулі серіктестік бар.

Ауданымыздың шаруашылықтары асыл тұқымды ірі қара мал, қой өсірумен айналысады.

«Қазақстанның 30 жылдығы» атындағы ЖШС-і элиталық тұқым сатып алып, одан әрі 1,2,3 репродукциялы тұқым өндіріп, шаруашылықтарды жоғарғы сапалы тұқыммен қамтамасыз етеді.

Егін егіп, жоғары өнім алып отырған «Уақ», «Аюп», «Қобда-Жер», «Мақсат», «Тез», «Қанат-2» шаруа қожалықтарын атап өтуге болады.

Білім беру ісін дамытуға ерекще көңіл бөлінуде. Тәуелсіздік жылдарында Қобда,Талдысай, Егіндібұлақ, Жиренқопа ауылдарында 4 жаңа мектеп салынды. Сондай-ақ, Қобда ауылында спорт кешені,

Егіндібұлақ ауылында интернат, стадион пайдалануға берілді,

Қазіргі уақытта ауданда 41 мектепке дейінгі білім беру ошақтары жұмыс жасауда, оның ішінде 11 балабақша, 9 мектеп-балабақша кешендері, және 21 - мектепке дейінгі шағын орталықтар. Мектепке дейінгі тәрбиемен бүлдіршіндердің 98,5 % қамтылды.

Ауданның мәдениет саласы қарқынды дамып келеді. Қазіргі таңда аудан жұртшылығына 52 мәдениет ошағы қызмет етеді. Соның ішінде Әлия Молдағұлова атындағы музей, «Әлия» патриоттық тәрбие беру облыстық орталығы, «Қобыланды Батыр» мемориалдық кешені және Жастар Үйі бар.

Ауданда мемлекеттік тілдің өсіп-өркендеуі үшін жағдай жасалуда, 2005 жылдан бастап мемлекеттік тілге көшу қолға алынып, бүгінгі күні мерекелік шаралар, жиындар мемлекеттік тілде жүргізіледі. 19 елді мекеннің тарихи атауы қайтарылды.

Денсаулық сақтау мекемелерінің жағдайы жақсаруда. Аудан аумағында 31 медицина мекемесі бар. Олар бүгінгі күн талабына сай жабдықталған. Медицина құрылғылары мен жабдықтарын алуға ерекше көңіл бөлінеді.

Медицина мекемелерінің жаңа ғимараттары бой көтерді: Әлия, Жиренқопа, Егіндібұлақ ауылдарында дәрігерліқ амбулаториялар, Ропповка ауылында медпункт салынып, Жанаталап ауылында медпункт құрылысы аяқталуда.

Тұрғындардың өмір сапасын жақсарту мақсатында ауданда азаматтарды тұрғын үймен, сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету бағытында жұмыс жүргізілуде.

«Тұрғын үй» бағдарламасы бойынша 2005-2011 жылдары республикалық бюджеттен бөлінген қаржыға 46 тұрғын үй салынды.

Тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамту мақсатында Қобда, Калиновка, Бегалы, Егіндібұлақ ауылдарында су құбыры жұмыс жасайды. «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша 2011 жылы Сарыбұлақ, Әлия, Өтек, Жиренқопа, Қызылжар ауылдарында су құбырлары салынды.

«Абат-Байтақ» және «Батпақты» көпірлері жаңадан салынды. Қобда-Ойыл бағытындағы жолға асфальт төселді. Аудан аумағымен өтетін республикалық маңызы бар «Самара-Шымкент» Орал-Ақтөбе бағытындағы

Аудан елді-мекендерін газдандыру мақсатында республикалық бюджеттен Қобда ауылын газдандыру жұмыстары басталып, жүзеге асырылуда.

Ел Президенті басты мақсат - қоғамда келісім мен тұрақтылықты сақтау, ел қауіпсіздігін нығайту болып қала береді», - деген болатын. Осы орайда ауданда қоғамдық-саяси жағдай тұрақты.

Бүгінгі күні аудан аумағында 3 діни бірлестік қызмет жасайды, имамдары дәстүрлі дінді уағыздайды. Жергілікті және атқарушы органдар діни бірлестіктер жұмысын реттеп отырады. Ауданда діни ахуал тұрақты.

Жастар - ұлтымыздың үкілеген үміті, ел болашағы. Аудан көлемінде Мемлекеттік жастар саясаты бағдарламасының іс-шаралары жүзеге асырылуда. Жастарға жан-жақты әлеуметтік қолдау көрсетілуде.

«Дипломмен - ауылға» мемлекеттік бағдарламасы ауданда жүзеге асырылуда. Бағдарлама аясында үш жылда ауданға 200-ден астам әлеуметтік сала мамандары келіп, оларға барлығы 11,6 млн теңге көлемінде көтермеақы және 33,8 млн теңге көлемінде тұрғын үй сатып алуға жеңілдетілген несие берілді.

Ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуында қол жеткен табыстар - барша қобдалықтардың үлкен ауызбіршілікпен атқарған еңбегінің елеулі нәтижесі.

Қобда елінің халқы Тәуелсіздіктің жетістіктерін мақтан етіп, бүгінгі басты құндылықтарымыз - ұлтаралық татулық пен конфессияаралық келісімді барынша бағалап, алдағы уақытта да болашаққа бағытталған жасампаз істердің алдыңғы шебінде болатынына сенім мол.

afgan

     

Фариза Оңғарсынова блогы - 3 место

 

 

 

Iздеу