^Негізгі бетке көшу

  • 1 Қобда тарих пен тағылым мекені
    Қобда жері – тарих бетінің терең иірімдерінен ғажап сыр шертер шежірелі өңір.
  • 2 Кітап - жан азығы
    Кітап - өмір ұстазы. Сондықтан жастар кітап оқуды күнделікті әдет қылуы тиіс. Кітап оқымай өмірді білу, білім алу мүмкін емес.
  • 3 Нұрсұлтан Назарбаев
    «Табиғаттану – туған мекеніңді танып – білуден басталады».
  • 4 Н. Ә. Назарбаев
    «Мәдениет – ұлттың бет-бейнесі, рухани болмысы, жаны, ақыл-ойы, парасаты. Өркениетті ұлт, ең алдымен, тарихымен, мәдениетімен, ұлтын ұлықтаған ұлы тұлғаларымен, әлемдік мәдениеттің алтын қорына қосқан үлкенді-кішілі үлесімен мақтанады. Сөйтіп, тек өзінің ұлттық төл мәдениеті арқылы ғана басқаға танылады.»
  • 5 Мұхтар Әуезов
    Әрбір адамның ең жақын досы, өмірлік досы кітап болуы тиіс.

  
  

Аудандық кітапхана

Аудан орталығындағы оқу отауы аудандық кітапхана болып 1947 жылдан бастап қайта құрылды. Алғащқы кітапхананың кітап қоры 2500 дана болды. Алғащқы кітапханашы – Е.Подкурова. Кітапхана директорлары аудан орталығындағы оқу отауы аудандық кітапхана болып болып әр жылдары Л.Белозерова, Ж.Матаева, К.Көрпешова, А.Жұмағұлова, Б.Исатаева қызмет етті. Қазіргі таңда кітапхана директоры Г.М.Бисекенова. 1967-1970 жылдардан бастап Әліпбайсай, Михайловка, Калиновка, Астрахановка, Жиренқопа ауылдарында салына бастаған жалпы типтік клуб ғимараттарынан кітапханаларға кең көлемді бөлмелер бөлініп, ондағы қызметшілерге де талап өзгерді. 1978 жылы ауылдық кітапханалар бір орталықтан басқарылатын кітапхана жүйесіне көшті. Әр кітапханаға орталықтан кітаптар бөлініп беріліп, шалғайдағы ауылдарды автокітапханамен қамту іске асты, орталық кітапханада қосымша бөлімдер ашылды. Кітапхана жұмысын жаңа бағытқа ауыстыру ісі облыс бойынша алдымен біздің ауданда жолға қойылғандықтан, 1976 жылы облыстық кітапханашылар семинар – кеңесі өтті. Сол жылдары аудандық кітапханада М.Сағиева, С.Конивец, С.Белозерова, Ж.Құлжанова, С.Изтлеуова, Қ.Алдиярова жемісті еңбек етті. 2010-2013 жылдар аралығында кітапханада Галина Юрьева, Нәзия Билькенова, Лина Борткевич, Билкенова Назия, Көрпешова Камила Таусоғарқызы 30 жылдан астам уақыт бойы қызмет етіп зейнеткерлік демалысқа шықты. Аудандық өлкетану бөлімінің аға кітапханашысы Кәмила Көрпешова облыста өткен «Аймақтық- туристік және шеберлер ауылы» жәрмеңкесінде, Назира Қизатова облыстық Абай оқулары кітапханашылар байқауында жүлдегер атанды. 1990 ж. кейін кітапханаларда орталықтан қаржыландыру тоқтап, ауылдық кітапханалар жабылып, кітап қоры мектап кітапханаларына берілді. 2000 - 2001 жылдардан бастап кітапханалар жұмысы жаңа серпінмен қайта жаңғырды. Қобда аудандық әкімиятының 2005 жылғы 31 қаңтардағы №75 қаулысымен «Қобда аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» мемлекеттік мекемесі құрылды. Жүйенің кітап қоры 215000 данаға жетті. Ортаалықтандырылған кітапхана құрамында 1 аудандық, 21 ауылдық, 1 балалар кітапханасы және өлкетану бөлімі жұмыс жасайды. Аудандық кітапхана 300-ден астам газет-жорнал жаздырып алып, оқырмандарға қызмет көрсетеді. Кітап қоры 3 жылда 16113 жаңа әдебиеттермен толықты. «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша жарыққа шығып жатқан кітаптар оқырман сұранысына ие. «Әлемдік мәдениеттану», «Әлемдік философия», «Бабалар сөзі», «Қазақстан тарихы», «Әлемдік саясттану антологиясы» сияқты көптомдық кітаптар алына бастады.

2006 жылы кітап қоры 27024, жаңадан түскен әдебиеттер саны - 471, кітап берілімі 28990 соның ішінде 1723 қазақ тілінде, келушілер саны 10970. 1-ші жартысында 300 мың. теңгеге баспасөз жазылу жүргізілді, ал 2-ші жартысында баспасөзге жазылуға 350 мың.теңге бөлінді. 100 мың теңге жергілікті бютжеттен бөлініп, 586 дана кітап алынды. 2007 жылы кітап қоры - 27454, соның ішінде 4396 қазақ тілінде, оқырмандар саны -1310, кітап берілімі - 19700, келушілер саны -7300. жыл бойы ауд.кітапханаларының қорына 2249 жаңа кітап түсті, қазақ тілінде -1637 дана, оның ішінде 1719 дана мемлекеттік. тапсырыс, соммасы 1206409, 60. Жергілікті бютжеттен 200 мың теңгеге 331 дана кітап сатып алынды, оның ішінде ауд. кітапханаға 180 дана, 149711 тг.

2008 жылы – Қобда ауданы бойынша кітап қоры 213428, оның ішінде қазақ тілінде 51962. Жыл бойы аудандық кітапханалырының қорына 5133 жаңа кітап түсті, қазақ тілінде - 3692 дана, оның ішінде 2770 дана мемлекеттік тапсырыс (госзаказ) соммасы 2002561. Қазақ тілінде 2315. Жергілікті бютжеттен бөлінген 1400.000 теңгеге 2363 дана кітап сатып алынды. Қазақ тілінде 1377. Аудандық кітапханаға: 1218 дана, 977841 тг. Балалар кітапханасына 431 дана, соммасы 310426 тг. Ауылдық кітапханаларға 3484 дана, мем. тілде 2729. Ауд.бойынша 29114 соның ішінде қазақ тілінде 5389 дана, кітап берілімі 29135, оның ішінде 1832 қазақ тілінде, келушілер саны - 11000.

2009 жылы – Қобда ауданы бойынша кітап қоры 227 959, оның ішінде мемл. тілде 60479. Жыл бойы кітапханалар қорына 5911 жаңа кітап түсті, қазақ тілінде - 4721 дана, оның ішінде 3855 дана мемлекеттік тапсырыс (госзаказ) соммасы 2 201 907. Жергілікті бютжеттен бөлінген 2 897600 теңгеге 2056 дана кітап сатып алынды. мемлекеттік тілде 1691.

2010 ж. 1-ші.жарты жылдғына 750 000 мың теңге баспасөзге жазылуға бөлінді. 84 аталым, 345 дана, 172 жорнал, 173 газет. Оның ішінде: аудандық кітапханаға 65 дана, 27 газет, 38 жорнал, соммасы 171477,93 тг. Балалар кітапханасына 28 дана, 22 жорнал, 6 газет. Соммасы 49 365,63 тг. Ауылдық кітапханаларға 529 156,44 тг; 252 дана.

2010ж. 2-ші жарты жылдығына 800 000 мың теңге баспасөзге жазылуға бөлінді. 89 аталым, 357 дана.

2012 жылдың қорытындысы бойынша аудандық орталық кітапхананың кітап қоры 32146. Оқырмандар саны 1840, Келушілер саны - 12520, кітап берілімі - 29460, жылдық кітап түсімі – 723. Қордың айналымы 0,9; оқылымы 16,0. Келім саны 6,8. Кітапхана жүйесі бойынша кітапхана қызметкерлері саны 60, шығармашылық қызметкерлер саны 33. Жоғары білімділер 21,2%, арнаулы орта білімділер 36,1%.

2013 жылдың І- жарты жылдығына кітап қоры 32420. Жергілікті бюджеттен әдебиеттер сатып алуға 641,0 т, мерзімді басылымдар жазып алуға 850,0 теңге бөлінді.

2013 жылдың қорытындысы бойынша бойынша оқырмандар саны 1850, кітап қоры 30252 дана, кітап берілімі 30622, келушілер саны 13150, келіп түскен жаңа әдебиеттер саны 687, оның ішінде мемлекеттік тілде 398 дана, газет – жорналдар саны 70 дана.

06.01.2014 – 01.04.2014 жыл

Көркем әдебиетті насихаттау барысында қаңтардың 16 күні кескіндемеші-график, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушы, Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері,Әбілхан Қастеевтың (1904-1973) туғанына 110 жыл толуына орай қобда аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінде «Қастеев – сурет шеберінің жұлдызы» атты сурет бәйгесі ұйымдастырылды. Бұндағы мақсат: Ә.Қастеевті өз шығармашылығында еліміздің әрбір өзгеріс, жаңалықтарды жібермеген қазақ шежіресі ретінде насихаттау. Оқушылар сурет бәйгесінде Әбілхан Қастеевтың қыл қаламынан шыққан шығармаларын бейнелеу керек. Ауданымыздың қазақ, орыс, гимназия және көпсалалы колледж оқушылары мен студенттері қатысты. Байқауға қатысушылар мадақтама қағаздарымен марапатталды.

   
   

Ақын Ізтай Мәмбетовтің туғанына 85 жыл толуына орай «Ақын Ізтай» атты поэзиялық кеш өткізілді. Жасөспірімдер бөлімінің ұйымдастыруымен өткізілген бұл кеште ақынның «Әке сөзі», «Сағынып жүрмін нәрестем», «Гүлшатқа», «Кәмшатқа», «Қолымда сәби қызым, балапаным», «Өгей шешеме», «Жалғыз жүрген жан емеспін ұғыңдар», «Өз көңілім» атты өлеңдерін қазақ орта мектебінің 7 «а» сыныбындағы Мұхитанова Перизат, Оразалы Мархаббат, Ульянов Асылтай, Зенилгаппарова Камила, Жаубатыров Айдар т.б. оқыды.

Осылайша ақынның жастықты, махаббатты, достықты, табиғатты жомарт жүрекпен, ынтазар сезіммен шебер жырлаған ақынның өмірі мен шығармаларын оқырман қауымға, поэзия сүйер қауымға таныстырып өтті.

 

Ақпанның 17 күні актер, кинорежиссер,СССР халық артисі, Қазақ ССР-інің халық артисі, Айманов Шәкен Кенжетайұлының туғанына 100 толуына орай «Өнер тарланы –Шәкен Айманов»атты библиографиялық шолу өткізілді. Шолуда Шәкеннің (Шаһкерім) 1914 жылы Павлодар облысында туылғанынан бастап өмірі мен өнер шығармашылығына тоқталды.Спектакльдегі басты рольдері: Ілияс Жансүгіровтің Исатай-Махамбетінде Исатайды, Ғ.Мүсіреповтің «Ақан сері -Ақтоқтысы» мен «Қозы Көрпеш-Баян сұлуында»-Ақан, Қодар, М.Әуезовтің «Қара қыпшақ Қобландысында-Қобланды», Әуезов пен Соболевтің «Абайында -Керім» т.б сомдаған рольдеріне тоқталып түсірілген суреттерінен мағлұматтар берді. 

   
   

Патриоттық тәрбиені насихаттау барысында орталық кітапханадақаңтардың 14 күні өлкетану бөлімінің ұйымдастыруымен Ә.Молдағұлованың ұлы ерлігіне 70 жыл толуына орай «Ұлы ерлік шежіресі» атты тарихи сабақ өткізілді. Әлия апамыздың туған жері,ауылы, жайында слаид жіберіліп отырды. Ақпанның 14 күні «Ауған алапаты» атты ауған жауынгерлерімен кездесу кеші өтті. Бұл кешке Қобда жерінен қатысқан 15 азамат-жауынгерлеріміз шақырылды. Әншілеріміздің орындауындағы «Көк тудың желбірегені», «Кленовый лист», «Қазақстан алға» өлеңдері шырқалып, «Өткен күннен бір белгі» атты ауған жеріндегі соғыс жайында фильм көрсетілімі болды. Халық данылығында «Отан үшін күрес, ерге тиген үлес» деп Отан үшін азаматтық парызын адал ақтап жанын қиған қыршын жастарды ұмытпай еске алу үшін бір минуттік үнсіздік жарияланды. Интернационалист жауынгерлермен ескерткіш суретке түсірілді.

Қоғамдық саяси мерекелер,Ұлттық мемлекеттік, халықтық белгілі күндер, мерейтойларды насихаттау барысында:

8 наурыз Халықаралық әйелдері күніне орай наурыздың 4 жұлдызында «Әсемдік әйелдердің қолында» атты сыр-сұхбат кеші өткізілді.

Мақсаты: ана мен балаға деген қамқорлық, қоғамдағы ананың орны, «ана»атымен байланысты қасиетті ұғымдар туралы пікір бөлісу, ардақты аналарды құрметтеу.

Кешке іскер, шебер ана Қойшыбекова Айслу Бақытғалиқызы, жас кәсіпкер Ғалиева Роза Берекетқызы, сұлулық салондарының мамандары:Агайданова Арайлы Құлынтайқызы, Алтыбаева Динара Серікбайқызы, Есетова Әйгерім Сұлтангерейқызы қатысты.Кеш барысында өздерінің кәсібінің арқасында жанұяға жылу беріп,еңбектерінің жемісін көріп отырғандығы жөнінде сыр бөлісті. Бұл кешке көп салалы колледж ұстаздары студенттерімен, мәдениет ұйымдастырушылар оқырмандар қатысты. Колледж студенті Демесбаева Меруерт «Анашым», орталық кітапхана библиографы Шайхина Райса «Анаға арнау» өлеңін оқыды, аудандық мәдениет үйінің әншілері Айман Сарбала, Туманчин Елдос қонақтарға арнап ән шырқады.Кеш барысында мастер-класс тренингі жүргізілді. Арулар өздерінің кәсіби мамандық өнерлерін көрсетті.

Кеш соңында кітапхана директоры Б.Исатаева аруларымызды құттықтап, шағын сыйлықтар ұсынылып, естелік суретке түсті.

   

Жұмыстың түрін енгізу және мәдениет, өнер құрылымдарын активтендіріп әрекет ету шаралары: акция, онкүндік, байқаулар барысында:

орталық кітапханада «Кітапханадағы инновациялық процесстер» атты әдістемелік сағат өткізілді. Әлия ауылдық моделді кітапхананың меңгерушісі К.Князова, балалар кітапханасының меңгерушісі Г.Бисекенова әдістемелік, библиографиялық құралдарды басып шығару тәсілдерімен іс – тәжірибе алмасты. Кітапхана әдіскері М.Тюлюкбаева кітап көрмелерінің түрлеріне, ұйымдастыруына тоқталды. 

2014 жылдың қорытындысы боынша.

Оқырмандар саны -12588. соның ішінде 15 жасқа дейінгі -4168, 15 жастан 21 жасқа дейінгі -2644.
Келушілер саны – 152588
Кітап берілімі – 297009, қазақ тілінде 215128
Кітап қоры – 244917 дана, соның ішінде мем.тілде -84135дана.

Жаңадан түскен әдебиеттер -9451 дана, оның ішінде ауылдық кітапханаларға-8148.

Баспасөзге жазылу басылымдары – 746 дана , 144 аталым. 2015 жылдың 1 жартыжылдығына 295 дана басылымға жазылды, 65 аталым.мемлекеттік тілде 54 дана, оның ішінде 22 газет, 43 жорнал.

31.12. 2014ж.. Қобда аудандық кітапхана жүйесі бойынша кітап қоры - 244917дана. оның ішінде қазақ тілінде 84135дана.1 жылдың ішінде кітапханалар қорына 9451 дана жаңа кітап түсті.қазақ тілінде- 8626 дана. Соммасы 10497178,72мың тенге. Жергілікті бюджеттен-1778 дана кітап алынды,.Бағасы-1989159,4 Облыстық бибколлектордан1038 данакітап келді, бағасы 1009788,68 т, соның ішінде -6635 данасы мемлекеттік тапсырыс, соммасы 7498230,64 Мерзімді басылымдар - 308 дана,мемлекеттік тілде -249 дана.Соммасы --2000,0 мың теңге. Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің кітапханалары 2014 жылы барлығы Оның ішінде 166 дана газет, 142 дана жорнал. Ресей басылымдары-11 .оның 4-еуі газет, 7 жорнал.

     

Фариза Оңғарсынова блогы - 3 место

 

 

 

Iздеу