^Негізгі бетке көшу

  • 1 Қобда тарих пен тағылым мекені
    Қобда жері – тарих бетінің терең иірімдерінен ғажап сыр шертер шежірелі өңір.
  • 2 Кітап - жан азығы
    Кітап - өмір ұстазы. Сондықтан жастар кітап оқуды күнделікті әдет қылуы тиіс. Кітап оқымай өмірді білу, білім алу мүмкін емес.
  • 3 Нұрсұлтан Назарбаев
    «Табиғаттану – туған мекеніңді танып – білуден басталады».
  • 4 Н. Ә. Назарбаев
    «Мәдениет – ұлттың бет-бейнесі, рухани болмысы, жаны, ақыл-ойы, парасаты. Өркениетті ұлт, ең алдымен, тарихымен, мәдениетімен, ұлтын ұлықтаған ұлы тұлғаларымен, әлемдік мәдениеттің алтын қорына қосқан үлкенді-кішілі үлесімен мақтанады. Сөйтіп, тек өзінің ұлттық төл мәдениеті арқылы ғана басқаға танылады.»
  • 5 Мұхтар Әуезов
    Әрбір адамның ең жақын досы, өмірлік досы кітап болуы тиіс.

  
  

2015 жылдағы өткізілген іс-шаралары

Қобда аудандық балалар кітапханасының 2015 жылдағы
өткізілген іс-шаралары

Қаңтар айында «Қош келдің, Жаңа жыл!» атты мәдениет қызметкерлерінің балалары арасында жаңажылдық ертеңгілік өтті. Балалар ақшақар, қоян, санта-клаус, жылан сияқты түрлі костьюмдерін киіп келіп, өз өнерлерін Аяз ата мен Ақшақарға өз өнерлерін көрсетіп, сыйлықтарын алды. Балалар арасында жүрген кітапхана қызметкерлері киінген «Жыл он екі айды», Аяз атаны ортаға алып, шыршаны айнала әсем әндер айтылды. Және де балалармен түрлі қызықты ойындар ойналды.

bala2 bala3

Хабарлама

Аудандық балалар кітапханасының тамыз, қыркүйек, қазан айларында өткізілген іс-шаралар туралы хабарлама

30-тамыз Ата Заң мерекесі қарсаңында «Ата Заң –ар айнасы» атты слайд-шежіре көрсетіліп, «Өмірге келдің-заңыңды білгің!» тақырыбында еліміздің заңдары туралы айтылып, таныстық әңгіме өткізілді. Балаларға өз құқықтары туралы да айтылды.

Мектеп-балабақша комплексінің жанындағы «Айгөлек» лагерь демалушыларымен «Біздің заман: кітап және компьютер» атты ойын-сабақ өткізілді. Мұнда балалар кітап және компьютердің айырмашылықтары мен олардың пайдалы және зиянды жақтарын айтуда пікір таластырды.

Тамыз айында «Кім жүйрік ойға, сол алда!» атты атты ми-шабуыл ойнатылды. Ойында балаларға қызықты түрлі тақырыптағы сұрақтар қойылды.

Подробнее: Хабарлама

1.04.2014- 31.05.2014жыл

Сәуір айында Халықаралық балалар кітабы күні мерекесі күні дәстүрлі кітап апталығы өткізілді. Апталықтың алғашқы күні оқырмандарды кітапханамен, кітап көрмелерімен таныстырылды.Балалар кітапханаға қатысты сұрақтарға жауап берді.

Екінші күні аудандық педагогикалық-психологиялық түзету кабинетінің балаларымен «Ертегілер еліне саяхат» атты суретшілер байқауы ұйымдастырылды. Және сол күні мектеп балабақша комплексінің балалары арасында «Тапқыр оқырман» атты оқырмандар сайысы өтті. Балалар екі топқа бөлініп «Кітапсүйерлер» және «Кітапқұмарлар » тобы болып жарысты. Сайыста «Сөз тапқанға?» (әріпке қатысты сөз арқылы сұраққа жауап беру), «Сен білесің бе?» (сұрақ-жауап), «Ойлан тап!» («Кітапхана» сөзінен сөз құрау), «Суретпен жұмыс» (берілген суреттен әңгіме құрау) кезеңдер болды. Балалар ойында белсенділік пен шапшаңдылық танытты.

Подробнее: 1.04.2014- 31.05.2014жыл

6.01.2014 - 1.04.2014 жыл

Әр айдың басында кітапхананың оқу залында «Біздің күнтізбе» атты кітап көрмесі жаңартылып атаулы күндер мен ақын жазушылардың туған күніне байланысты әдебиеттермен толықтырылады.

Қаңтар айында «Жасыл шырша жанында» атты аудандағы педагогикалық- психологиялық түзету кабинеті балалары, отбасы үлгісіндегі балалар үйінің балалары және аз қамтылған отбасының балалары арасында жаңажылдық ертеңгілік өтті. Ертеңгілік аудандық Мәдениет үйінде өткізілді. Балалар түрлі карнавалдық костюмдер киіп келді.Ертеңгілік шымылдығын аудандағы «Қарлығаш» халықтық би ансамблінің бишілері «Санта-Клаус» биімен ашты. Одан соң Аяз ата мен Ақшақарға өз өнерлерін көрсетіп, сыйлықтарын алды. Балалар арасында жүрген кітапхана қызметкерлері киінген «Жыл он екі айды», Аяз атаны ортаға алып, шыршаны айнала әсем әндер айтылды. Және де балалармен «Шаңғы» және «Кім биші?» ойындары ойналды. Шара барысында ата-аналар және ұстаздар қауымы мерекелік шараға риза болып, алғыстарын білдірді.

Подробнее: 6.01.2014 - 1.04.2014 жыл

Аудандық балалар кітапханасы

Оқу залы

Бөлім міндеттері

  • Жалпы мәдени құндылықтар мен баланың жан-жақты дамуын қалыптастыруға бағытталған іс шаралар өткізу
  • деректер базасын, электронды каталог өнімдерін құрастыру
  • «РАБИС» бағдарламасын жүргізу
  • Балалар оқуына басшылық жасау, оны ұйымдастыру мақсатында аудандағы білім беру мекемелерімен ынтымақтастық орнату. 

Үнемі мемлекеттік мейрамдарға, даталы күндерге және сондай-ақ балалар жазушылары мен ақындарының мерейтойларына арналған дәстүрлі және қазіргі заманға сай мәдени-көпшілік жұмыстары /көрме-инсталлияциялар, портрет кештері, ми шабуылдары т.б./ өткізіліп тұрады. Сонымен қатар «Негеш» «Болашақ белсенді» клубтары жұмыс жасайды.

Подробнее: Аудандық балалар кітапханасы

     

Фариза Оңғарсынова блогы - 3 место

 

 

 

Iздеу